Тағайындау • 01 Шілде, 2024

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Азамат Қалдыбеков Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: gov.kz

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (Солтүстік Каролина, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін алған, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (Phd) ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеген.