Спорт • 01 Шілде, 2024

Самбодан Азия чемпионаты: Ұлттық құрама 26 медаль олжалады

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Макао қаласында самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.                                                                    

Самбодан Азия чемпионаты: Ұлттық құрама 26 медаль олжалады

Фото: Самбо федерациясы

Қазақстан самбо федерациясы мәліметінше үш күнге созылған бәсекеде Ұлттық құрама самбошылары 15 алтын, 7 күміс, 4 қола, барлығы 26 медаль олжалап, жалпы есепте топ жарды.

Чемпиондар (спорттық самбо):
Нұрбол Серіков 79 кг
Еламан Қойшыбаев 88 кг
Болат Сапар 98 кг
Айжан Жылқыбаева 50 кг
Гүлдана Әлмұханбетова 54 кг
Маржан Бизақ 59 кг
Асылжан Орынбасарова 65 кг
Шынар Абатова 72 кг
Мадина Ержан 80 кг

Жауынгерлік самбодан:
Мирас Уалиев 58 кг
Ниетхан Төлеухан 71 кг
Бақытжан Дүйсембеков 79 кг
Айнұр Ақжігітова 65 кг
Ұлболсын Әділова 80 кг
Анар Сейтімова +80 кг

Күміс жүлдеге қол жеткізгендер (спорттық самбодан):
Армат Қабдолов 58 кг
Есентай Имаханов 64 кг
Темірлан Көлбай +98 кг

Спорттық самбо:
Қыран Айтбек 88 кг
Райхан Мәди 98 кг
Талғат Жиентаев +98 кг
Аружан Кеңесары 72 кг

Қола жүлдегерлер:
Арайлым Әбенова +80 кг
Маратбек Рахметоллин 64 кг
Қымбат Ахмет 50 кг
Құралай Қабрайқызы 54 кг