Фото: КТЖ
Келісім шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив жеткізіліп, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтарын ашу және инжинирингтік орталық құру жоспарланып отыр.
Маневрлік тепловоздар жақсартылған құрылымдық және тарту параметрлеріне ие. Олар Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жасалған және — 40 °C-тан +50°C-қа дейінгі температурада жұмыс істей алады. Салмағы 135 тонна. Дизель-генератор қондырғысы Қазақстанда қабылданған экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
Қазақстан темір жолдары мен СRRC қытайлық корпорацияның ынтымақтастық тарихы 20 жылдан асады. Бүгін қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Жаңа буын гибридті локомотивінің жобалануы аяқталып келеді, 2025 жылы оның өндірісі қолға алынады.
CRRC Corporation Limited – әлемдегі ең ірі теміржол көлігі өндірушісі, ол әлемдік локомотив өндірісі нарығының шамамен 50% иеленеді.