Аймақтар • 02 Шілде, 2024

«Атырау – Орал» тасжолы жабылады

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 3 шілде күні «Атырау – Орал» тасжолы жөндеуге жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Атырау – Орал» тасжолы жабылады

Фото: Жедел штаб|Атырау

Жөндеу жұмыстарына байланысты, 3 шілде күні сағат 8:00-ден бастап, республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тасжолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы - Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылады.

Жөндеу жұмыстары 8 шілдеге дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау - Индер» бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет - Х.Ерғалиев - Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық», делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарламасында.