Есірткі • 03 Шілде, 2024

Есірткіге қарсы күрес күшейтілді

39 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті және оның аумақтық бөліністері жергілікті атқарушы орган­дармен бірлесіп Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық есірткіге қарсы айлық ұйым­дас­тырды.

Есірткіге қарсы күрес күшейтілді

фото: gov.kz

Бұл ауқымды іс-шара Ішкі істер министрінің төр­аға­лығымен, Президент Әкім­ші­лігі, Үкімет Аппараты, орта­лық мемлекеттік және жер­гілік­ті атқарушы органдар өкіл­­дері­нің қатысуымен өткен есірт­кі­ге қарсы штаб отырысында ашыл­ған болатын. Барлық өңір­де әкім­діктермен есірткіге қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу жос­пар­лары бекітілді.

Есірткіге қарсы респуб­ли­ка­лық айлық кезінде еліміз бойын­ша 5 414 іс-шара, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс, 150 про­филактикалық сипаттағы бай­қау өтті. Оның жұмыстарына нар­колог-дәрігерлер, еріктілер, жер­­­гілікті атқарушы орган­дар­­­дың өкілдері, үкіметтік емес ұйым­дар мен білім беру ме­ке­­ме­лерінің қызметкерлері қа­тыс­ты.

«280 мыңнан астам жас­өспірім мен жастарды қам­тыған іс-шара­ларда нарколог-дәрі­гер­лер және саламатты өмір сал­тын қалыптастыру орта­лық­тары өзекті мәселелер бойын­ша­ азаматтарға кеңестер ұйым­дас­тырды. Барлық өңірде үкі­мет­тік емес ұйымдармен бірлесіп, есірт­кі сайттарының жарнама­сы бар граффити-жазуларды анықтау мен өшіру жұ­мыс­тары жүргізілді. Оған 500-ге жуық ерікті қаты­сып,

6 мыңнан астам граф­фити боялды», дей­ді ІІМ Есірткі қылмысына қар­сы іс-қи­мыл департаменті бас­ты­ғы­ның орын­басары Бақытжан Әмір­ханов.

Астанада «Хан шатыр» сау­да-ойын-сауық орта­лы­ғын­да, сон­дай-ақ Есіл өзені­нің жаға­лауын­дағы амфи­театрда «Астана – есірткісіз қала!» акциясы ұйым­дас­­тырылды. Ауқымды іс-ша­раға отандық эстрада жұл­дыздары мен спорт саң­лақ­тары, вокалдық және би ұжымдары қатысты. 23 маусымда Алматыда «Sadu Arena» спорт кешенінде ІІМ Есірт­кі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті грэплингтен халық­аралық турнир өткізді. Оған біздің елімізбен қатар Түркия, Әзер­байжан, Қырғызстан, Өзбек­стан және Тәжікстан елдерінен мыңға жуық спортшы қатысты.

Осындай ауқымды іс-ша­ра­­лар республика бойын­ша­­ өтті. «Халықаралық наша­қор­­­лыққа қарсы күрес күніне орай Ішкі істер министрінің бұй­рығымен жергілікті атқару­шы органдар мен аза­мат­тық қоғамның 110 өкілі грамоталармен, Алғыс­хаттармен марапатталды. Атал­ған іс-шаралар жайын­да БАҚ-та 4 259 жарияланым шықты. Одан бөлек Instagram, Facebook, YouTube және TikTok секілді әлеуметтік желілерде респуб­ликалық айлықтың барысы кеңінен насихатталды», деді ІІМ өкілі Б.Әмірханов.