Ақтауда көше кезген малдармен күресу – көп жылдардан бері айтылып және шешімін таппай келе жатқан мәселе, енді олардың қатарына Қамбар ата мен Ойсылқара ұрпақтары енгізілді.
Ақтауда жасыл алаңқайлар көздің қарашығындай қорғалады. Соңғы кездері тәртіп пен тазалық мәселесі де мықтап қолға алынған. Ішіп-жегенінің қалдығын кез келген орынға тастай салғандар сол бойда жергілікті телеарна арқылы жалпақ жұртқа әжуә болып, өз қоқысын қолымен көтеруге мәжбүр. Алайда, қала маңындағы ауылдардың малдары, әсіресе, жылқылар қала ішінде сайрандауға құмар. Шағын аудандардың о шетінен кіріп, бұ шетінен шығып, кей жағдайларда жол-көлік қатынасына кәдімгідей қауіп төндіретін олар сусыз аймақ алақанда аялап отырған жасыл алаңқайларды әп-сәтте отап, жусап кетеді. Бұған дейін Ақтау қалалық ішкі істер бөлімі айып тұрағына қамағанмен, ол тиімсіз болып табылған. Енді қала кезген қараусыз малдарды қолға түсірген полиция қызметкерлері оларды мал сою пункттеріне өткізбек. Қазіргі таңда Ақтауда төрт мал сою пункті бар. Сол жерде өзге малдармен бірге суарылып, азықтандырылатын малдардың анықталған нақты иелері жемшөп ақысымен бірге, айыппұл да төлейтін болады, ал иесі табылмаған жағдайда жылқылар етке өткізіледі.
Ал Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі қызметкерлері жуық арада жеке малдардың арнайы белгі тағудан өткізілетіндігін, содан соң «бұзық» мал иелерін қиналмай табуға болатындығын айтуда.
«Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға түсінігі бар адамдарды үйрету оңай болмай тұрғанда, мал баласын үйрету қайдан оңай болсын» деген ой келеді екен...
Сондай-ақ, Ақтауда ақпан айынан бастап, қаңғыбас күшіктер мен иттерді аулау және жою жұмыстары жүргізілмек. Өткен жылдың соңында құрылған арнайы ветеринарлық станса ұйымдастыратын бұл жұмыстар үшін арнайы мобильді жылжымалы крематорийлер сатып алынуы мүмкін.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме?
Футбол • Бүгін, 09:58
Балалар лагерінің қызметкерлері жаппай тексеріледі
Балалар • Бүгін, 09:34
Есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар жойылды
Заң • Бүгін, 09:25
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше