Саясат • 03 Шілде, 2024

ШЫҰ саммиті: Моңғолия Президенті Астанаға келді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ухнаагийна Хурэлсуханы елордалық әуежайда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШЫҰ саммиті: Моңғолия Президенті Астанаға келді

Фото: Үкімет

Моңғолия Президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.

Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды.

л

Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $133 млн құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсім көрсетті.

л