Фото: strtorg.ru
«1 шілдеде балабақшадағы орта топтың бірінде тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінді. 26-27 маусымдағы жазбаларда тәрбиешінің балаларға дөрекі қарым-қатынасы байқалды», делінген басқарма хабарламасында.
Осыған байланысты Павлодар қаласындағы №79 балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылған.
Іске қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.