«Арал рыбторг» ЖШС басшысы Қуаныш Өмірзақовтың айтуынша қазір 15 гектар аумақтағы 4 тоғанға балық жіберіліп жатыр.
«Өткен айда 7,7 млн балық жіберілді. Күзге дейін тоғандар ауданы 25 гектарға дейін ұлғаяды, содан кейін қуаттылығы жылына 15-20 миллион шабаққа арналған инкубациялық цех орнатуды бастаймыз. Келер жылы сатуға жарап қалатын балықтың алғашқы легі саудаға шығарылады», дейді ол.
Құны 150 млн теңге болатын жобаны бастағандар жылына 300 тонна балықты саудаға шығарады. Жалпы, осы салада жүргендер мемлекет тарапынан жасалған қолдаудан кейін балық шаруашылығын дамытуға бет бұрғандар көбейгенін айтады.
Балық шаруашылығын дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша салық жеңілдіктері мен берілетін түрлі субсидия арқасында ісін дамытып отырғандар қатары артып келеді.
Осы күні өңірде сазан, ақ амур, дөңмаңдай және африкалық жайын секілді балық түрлерін тоғанда өсіріп жатқандар бар.
Қызылорда