Фото: Сұлтан Досалиев
Kazinform агенттігі хабарлағандай, Садыр Жапаров алдағы 2025 жылы ШЫҰ жастарының цифрлық форумын Қырғызстанда өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Пандемия және климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық сынды жаһандық сын-қатерлер кезеңінде біздің бірлігіміз бен бірлескен күш-жігеріміз осы кедергілерді еңсерудің кілті саналады. ШЫҰ-ның даулы жағдайларды белсенді саяси және дипломатиялық реттеуге деген ұмтылысы маңызды болып қала береді», деді Садыр Жапаров.