Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/
«4 шілдеде ХКҰ Ізгі ниет елшісі ретінде ШЫҰ саммиті аясында Қазақстанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырзамен кездестім. Көші-қондағы маңызды мәселелерді талқыладық, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынымды жеткіздім. Бас хатшы көші-қон саласының маңызды тұстарына тоқталды», деп жазды Д.Құдайберген Instagram желісінде.
Антониу Гуттериш Димаштың өнері бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды тәнті еткенін айта кетті.
«Мен өз талантымды әлемдегі оңтайлы өзгерістерге пайдалана алатыныма ризамын. Сондықтан Антониу мырзамен түскен фотосуретті қуана көпшілік назарына ұсынамын», делінген жазбада.