Сенатор аймақтағы ірі сүт-тауар фермасының бірінде кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, азаматтар өмірінің басқа да салаларына қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Бүгінде мемлекет субсидиялар мен преференциялар арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдап келеді. Бұл шаралардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өндірісті дамыту үшін жүзеге асырылып келеді», деді Ернұр Әйткенов.
Сенатор сондай-ақ Ертіс ауданындағы Амангелді ауылында болды. Бұл жерде ауылдан республикалық тасжолға дейінгі автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Амангелді ауылының тұрғындары қыс мезгілінде ауылға жете алмайтыны, бұл өзекті мәселе болып отырғаны туралы депутатқа айтып берді. Бұл мәселе автожолды қайта жөндеуден кейін шешілуі керек.