Құрылыс • 05 Шілде, 2024

Оңалту орталығы құрылысымен танысты

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Amanat» партиясы фрак­циясының мүшелері Қайрат Балабиев, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев және Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысы Сауран ауданы Ораңғай елді мекеніне барып, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орта­лығының құрылысымен танысты. Бұл нысан партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр.

Оңалту орталығы құрылысымен танысты

Халық қалаулылары құры­лыс-монтаж жұмысы аяқ­та­луға жақындаған нысанның қа­зіргі жай-күйіне, арнайы жаб­­дықтармен қамтылуына, ор­талық аумағына барлық инфра­құрылымның тарты­луына, абат­тандыру жұмы­­сын жүр­гізу мәселесіне баса ­на­зар аударды.

– Тұрғындар партияның атқарып жатқан жұмысын нақты нәтижеге қарап баға­лайды. Сондықтан пар­тияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру өте маңызды. Тұр­ғындардың сұ­ранысына ие әлеуметтік ны­сандар сапалы салынып, уақтылы пай­далануға бері­­луге тиіс. Осы ор­талықтың құ­ры­лысы да пар­тияның ерек­ше бақы­лауында, – деді депу­тат Темір Қырықбаев. Нысан құ­ры­лы­сы­на облыстық және ­рес­­­публикалық бюджеттен ­

2,6 млрд­ теңге көлемінде қара­­жат бөлінді. Жаңа нысанда бір мезетте 200 пациент­тің ем қабылдауына жағдай жасалып, оларды оңалту шараларымен қамту көзделіп отыр. Жоспарға сәйкес, Түркістан қаласының іргесінде салынып жатқан Орталық биыл қыркүйекте пайдалануға бері­леді.