Саясат • 05 Шілде, 2024

Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды

117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақын Мақтымқұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Парламенті Сенаты­ның төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Түрікменстан Халк масла­хатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды

Мәулен Әшімбаев мейман­дарға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тереңнен тамыр тартатын ба­уыр­ластық және достық қа­рым-қатынастың маңызы зор еке­нін айтты. Сондай-ақ ол бү­гінгі тиімді мемлекетаралық ынты­мақтастық екі елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедовтің өзара құрметке негізделген бай­­ланысының, Халк масла­­хатының төрағасы Гурбан­гулы Бердімұхамедовтің белсен­ді­лігінің нәтижесі екеніне назар аударды.

«Қазақстан астанасында Мақ­тымқұлы ескерткішінің ашылуы халықтарымызды байланыстыратын рухани сабақ­тастықтың жарқын көрінісі екені анық. Алдағы уақытта Ашғабадта қа­зақтың ұлы ойшылы және бас ақыны Абайға арналған ескерт­кіш орнатылады. Бұл екі оқиға рәміздік мәнге ие», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат спикері Абай мен Мақтымқұлының философиясы, поэзиясы, айтар ойы мен өсиеті үндес еке­нін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол Мақтымқұлының шы­ғар­машылығы түрікмен хал­қы­ның даналығы мен парасатына табан тірейтінін, ақынның мұ­расы бүкіл адамзатқа ортақ игі­лік екенін атап өтті. Мәулен Әшімбаев Астанада Мақтымқұлы ескерткішінің ашылуы Қазақстан мен Түрікменстан халықтары­ның достық байланысын одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін де айтты.

«Философтың ғажайып туын­дылары мен өсиеттері 300 жыл­дан бері туған жұртының асқақ рухымен және жасампаз қуатымен бірге жасап келеді. Мақтымқұлының шы­ғармалары түрікменнің төл құндылықтарынан нәр алады. Шын мәнінде, ақынның мұра­сы – адамзаттың алтын қорына қосыл­ған құнды еңбек және Орта­лық Азия халықтарының ортақ қазынасы», деді Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы.

Сондай-ақ салтанатты рәсім­де ақынның 300 жылдығы Қазақ­станда да кең көлемде аталып ­өтіп жатқаны айтылды. Мерей­той ­аясында ғылыми конфе­рен­ция­лар ұйымдастырылды. ­Бұ­­дан бөлек, Қазақстанның ­Мә­де­­­ниет және ақпарат ми­нистр­­лігі ­Мақ­­­тымқұлы атындағы ­Ха­лық­­ара­­лық сыйлық тағайындау ­туралы бастама көтерді. ­Астана­­­да аталған ескерткіштің ашы­­луы Түрікменстанның Қазақстан­да­ғы мәдениет күн­дері мен Қазақ­­стан­ның Түрік­менстандағы мәде­ниет күндері аясында өткізі­ліп отыр. Мұн­дай қадам екі­жақ­ты қа­рым-қаты­нас­тарды одан ­әрі ны­ғайтуға және қазақ-түрік­мен ха­лықтарының рухани байла­ны­сын арттыруға ­оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Айта кетейік, 2024 жыл түркі әлемінде Мақтымқұлы Пырағы жылы болып жарияланды. Ал ақынның мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы даталарының тізіміне қосылды.