Саясат • 05 Шілде, 2024

Тиімді байланыстың берері көп

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әлемдегі геосаяси жағдай тұрақсыз болып тұр. Түрлі қақтығыс пен ұлтаралық дау-жанжал өршіген тұста халықара­лық қауымдастықтың жұды­рық­­тай жұмылып, қоян-қол­­тық жұмыс істеуі өте маңыз­ды. Әсіресе тұрақ­ты­лық пен қауіпсіздік­ті сақ­тап, сауда-экономика­лық бай­ланысты арттыру өзекті.

Тиімді байланыстың берері көп

Сол себепті «Шанхай+» самми­тіне қатысу, диалог алаңында көтерілетін ұсыныстарды тыңдап, орындау аса маңызды. Біздің елдің басшысы да саммитке бақылаушы мемлекет ретінде қатысып жатыр. Бір ай бұрын Президентіміз Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ-мен ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірген еді. Себебі бұл еліміздің мүддесі үшін маңызды. Сарапшылардың пайымынша, жиында стратегиялық мәселелерге назар аударылды.

Жалпы, Ұйым отырысы әлем­дік деңгейдегі мәселелердің соң­ғы, оң шешімін шығаруға сеп­тігін тигізе алады деп білемін. Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық, бірлескен жобалар да көңіл қуантады. Осы орайда Қазақстан Орталық Азияның халықаралық саясатында өте салмақты рөл ойнайды. Әлем­де дүр­белең көбейіп, келең­сіз оқи­ға­лар ушығып тұрғанда Қазақ­стан татулық пен бейбіт­шілік­ке тал­май үндеп келеді. Прези­дент Қ.Тоқаевтың маңызды ұсыныс­тары да ішкі ынтымақ, сыртқы ық­палдастық мәселелеріне арналған.

Қалай дегенде де, қандай да елдің көркейіп, ажарлана түсуінде, қалыпты дамуында тұрақты­лық­тың маңызы зор. Себебі мемлекет мерейі мен экономиканың қарыштап дамуы басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты арттырып, тығыз ынтымақтастық орнатуға да байланысты. Әлемде ешбір ел жеке-дара жаһандық мәселелерді шешуге қауқарсыз.

Айше СУБЕРКЕР,
«ТРТ World» тілшісі
(Түркия)