Фото: Қазақстан Бас прокуратурасы
Күдікті 2019 - 2021 жылдар аралығында Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Сол кезеңде 167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған, ал осы жолы қолға түскен күдікті қылмыс жасалғаннан кейін Арменияда жасырынған және ол сол елде ұсталды.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталушыға қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.