Қоғам • 06 Шілде, 2024

Өмірге үшем келді

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында үш бала тәрбиелеп отырған шаңырақ тағы үш нәрестенің іңгәлаған дауысымен нұрланып, өмірдің базарына айналды.

Өмірге үшем келді

Көпбалалы ана Мақ­пал Жүнісова жарымен бірге Зерен­ді ауданының Гранитный елді мекенінде тұрады. Дәрігер­лердің айтуына қарағанда, ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Арнайы бөлмеде тынығуда. ­Ме­дицина қызметкерлері нә­рес­телерді күтуге қолұшын беріп, көмектеседі.

– Операция қырық минутқа созылды. Ешқандай ауытқу болған жоқ, – дейді көпсалалы облыстық аурухананың пери­наталдық орталығының акушер гинекологі Ангелина Кор­ни­лова, – барлық тексеру мен ақыл-кеңес жүргізілуде.

Облыста үшем соңғы рет 2022 жылы дүниеге келген екен. Сөз арасында 2024 жылдың алғашқы бес айында өңірде

4 449 нәресте дүниеге келсе, олар­дың 36-ы егіз, Көкше жұртын қуанышқа бөлеген дәл осындай оқиға көптен бері ­бол­маған екен. Мақпал қа­зір бір ұл, екі қызды таңғы шық­тай мөлдіреген аналық ақ ­махаббатымен әл­пештеп отырып, отбасындағы үш пер­зентінің ­де жайын ойлап қояды. Ана көңілі осындай ізгілігі­мен ыстық емес пе!

Ақмола облысы