Спорт • 08 Шілде, 2024

«Азия балалары»: Қазақстан құрамасы 107 медаль иеленді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Якутск қаласында VIII жазғы «Азия балалары» ойындары мәресіне жетті, хабарлайды Egemen.kz.

«Азия балалары»: Қазақстан құрамасы 107 медаль иеленді

Фото: qaz_team_official

Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, «Туймаада» стадионында өткен салтанатты жабылу рәсімінде жүлде алған барлық спортшымыз шеруде сап түзеп өтті.

Аталған кешенді жарыста Қазақстан құрамасы 17 алтын, 31 күміс, 59 қола, барлығы 107 медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.