Олимпиада • 08 Шілде, 2024

Еркін күрес балуаны Париж Олимпиадасына жолдама алды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты, деп жазады Egemen.kz.

Еркін күрес балуаны Париж Олимпиадасына жолдама алды

Фото: @sportqazaq, телеграм

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж-2024 ойындарында 57 келі салмақ бойынша белдесулерге шығады.

Бұл туралы Біріккен Күрес Әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатынан белгілі болған.
 
Ресейлік Заур Угуев жолдама иеленерде Мейрамбек Қартбайды жеңген. Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамаларды үлестіру қайтадан жүргізілген. 
 
Париж Олимпиадасы бойынша қазіргі уақытта Қазақстан құрамасында 25 спорт түрінен 91 лицензия бар.