Фото: Instagram.com / kair_n
Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.
Бірінші сатыдағы сот Қайрат Нұртастың ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Асылбек Бекқайыровқа қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.
«Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды», делінген Жоғарғы Сот қаулысында.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің ұсақ бұзақылық үшін қамалуы мүмкін екенін хабарлаған едік.