Қоғам • 05 Шілде, 2024

Қайрат Нұртас қамалуы мүмкін

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Нұртас қамалуы мүмкін

Фото: Instagram.com / kair_n

Жоғарғы сот Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қайрат Айдарбековке қатысты «Ұсақ бұзақылық бір жыл ішінде қайталап жасалған» және «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша екі материал түскенін растады.

БАҚ мәліметінше, ол ұшақ бортында төбелес шығарған. Осы іске қатысты сот онлайн өтетіні хабарланды.