Еліміздің әрбір өңірінен келген делегаттар партияның ресми қызметін бастауға қатысты маңызды шешімдер қабылдау үшін бас қосты.
Съезд аясында партияның бағдарламасы мен Жарғысы бекітіліп, жетекші органдары айқындалды.
«Әділет» партиясының негізгі құндылықтары: Әділдік, Жауапкершілік, Отаншылдық, Еңбекқорлық және Даму.
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
«Әділет» арнайы цифрлық платформасы іске қосылған, ол арқылы азаматтар партияға мүше бола алады, бастама ұсына алады және қоғамдық талқылауға қатыса алады.
Қазіргі таңда партия құрамында 9812 мүше бар, бұл заң талаптарынан жоғары көрсеткіш.
Съезге еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық делегат қатысып жатыр.