Білім • 10 Шілде, 2024

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң: жаңа белестер

231 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 1 шілдесінде қол қойған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы отандық ғылымның соңғы онжылдықтағы ілгерілеуінің, оның өзгерген әлемдік тенденциялармен белгіленген мақсаттары мен міндеттерінің шынайы нәтижесі мен жалғасы болып отыр.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң: жаңа белестер

Жаңа заң – отандық ғылымның қазір­­гі заманғы жетістіктерінің ғана емес, соны­мен бірге оны әлемдік ғылыми үрді­с­­терге жетелеудің айқын көрінісі. Бастап­қыда тәуелсіз елімізде әлемдік ғылым­ның бір бөлігі болуға деген ұмтылыс өз жемісін берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел Үкіметі қол жеткізіл­ген нәтижелерді ескере отырып, Қазақстан­ның академиялық және ғылыми қоғамдас­тығы үшін жаңа маңызды міндеттерді белгіледі. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің телеграмм арнасында: «Қазақстанның ғылы­ми-технологиялық саясаты әлемдік тех­но­логиялық көшбасшыларға қатысты инно­вациялық алшақтықты азайтуға бағытталатын болады», деп атап өтті.

Еліміздің жоғары оқу орындары акаде­мия­лық ғылымның орталығы ретін­де осы Заңда көрсетілген ғылым саласын­дағы мемлекеттің жаңа заманауи саясаты құрылған инновациялардың елеулі іргетасын құруға ауқымды үлес қосты. Жаңа заңның аса маңызды стратегиясы технологиялық саясатқа баса назар аудару болса, бұл отандық ғылымды одан әрі дамыту векторының стратегиялық көзқарасының жаңа, неғұрлым жоғары деңгейін көрсетеді. Ғылыми-технологиялық саясат, осылайша, тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде айқын танылады. Ол ғалымдарды түпкілікті нәтижеге – «идеядан сериялық өндіріске» және коммерцияландыруға бағыттайды. Моносалалы педагогикалық университет саналатын Ә.Марғұлан университеті үшін бұл педагогикалық және психологиялық-педагогикалық идея­лар­ды орта жалпы білім беретін мек­теп­терде, колледждерде және жоға­ры оқу орындарында оқу үрдісіне енгізуге жет­кізуді білдіреді. Бұл ретте уни­вер­ситетте былтыр құрылған педаго­ги­калық бағыттағы технопарк маңызды рөл атқарады. Ол педагог­терді, орта мектеп, колледж оқушыларын даярлау сапасын арттыру, білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту, білім беру мекемелерін ел дамуының жаңа әлеуметтік-саяси жағдайларына тиімді бе­йім­деу мақсатында өңірдің педагогика­лық күштерін шоғырландыру тәжірибесін білдіреді. Технопаркте психологиялық түзету орталығы, педагогикалық зерттеу­лер орталығы, академиялық шебер­лік орталығы, түзету сыныптары, студент­тік бизнес-орталық, т.б. жұмыс істейді. Педагогикалық бағыттағы технопаркті құрудың болашағы, қажеттілігі мен уақытылығы, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заңның ғылыми-технологиялық жетістіктеріне бағытталған.

Педагог кадрларды даярлауды техно­логия­лық қамтамасыз етудің жоғары дең­­гейіне мемлекеттің қолдауы мен қам­қор­лығының нәтижесі университетте жара­тылыстану – ғылыми мамандықтар (эксперименттік физика, химия, биология) бойынша ең заманауи жабдықтар мен виртуалды зертханалардың бағ­дар­ламалық қамтамасыз етуімен 4-сы­нып­тардың ашылуы жатады. Ғылым және жоғары білім министр­лі­гі­нің, Дүниежүзілік банктің және Unowa/MIKKO халықаралық ұйымының қаржы­лық қолдауының арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сен­сор­лық дамуына арналған жаңа иннова­ция­лық диагностикалық модульдермен жабдықталған инклюзивті кабинет ашылып, өз жұмысын бастады.

Ә.Марғұлан университеті соңғы үш жылда Саясат Нұрбек басқаратын Ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізетін ғылым және жоғары білім саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын белсенді түрде іске асыра отырып, халықаралық ынты­мақ­тастыққа үлкен қадамдар жаса­ды. Университет соңғы жылдары Токат уни­верситетімен (Түркия), Дрезден тех­ни­ка­лық университетінің Білім беру инс­ти­тутымен (Германия), Орта­лық Лан­кашир университетімен, Лестер уни­верситетінің Білім беру мектебі­мен (Ұлыбритания) ғылыми ынтымақ­тас­тық және академиялық алмасу туралы келісімдер жасады. Былтыр Ә.Марғұлан университетінде Дрезден техникалық университетінің Славистика институтының студенттері мен магис­транттары бірнеше курсты тыңдап, алғашқы академиялық алмасудан өтті.

Отандық ғылымның әлемдік ғылымға бетбұруының, органикалық «енгізілуінің» тереңдігі, оның ішінде ғалымдарымыз­дың «Scopus» және «Web of Sciences» бедел­ді халықаралық базаларын­дағы жария­ланымдарда белсенділігімен анықта­лады, бұл ғалымдарға өз жетістік­тері мен жаңалықтарын жетекші шетелдік мамандармен бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта Ә.Марғұлан университетінің ғалымдары соңғы жылдары айтарлықтай жетісіктерге қол жеткізіп, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі мен нәти­желілігін өлшейтін Хирш индексі бар ғалымдар саны – 23,3 %-ға артты.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңда субъектіге бағдарлану, яғни ғалымды ғылымның бас қайрат­кері және субъектісі ретінде бағыттау идеясы қамтылған, оның қолдауынсыз және уәждемесіз ғылыми серпіліс күту қиын. Жаңа заңның аса маңызды ерекшелігі – жастарды ғылымға тартуға бағдарлау. Жастар соңғы онжылдықтарда бизнеспен айналысуды немесе мемлекеттік құры­лым­дарда жұмыс істеуді жөн көретінін жа­сыр­маған жөн. Аз төленетін қызмет сала­сы ретінде Ғылым отандық жас­тар үшін тартымсыз болып шықты. Бұл ғылыми-педагогикалық кадрлардың тез қар­таюына әкелді. Жас ғалымдарды мем­­­лекеттік қолдау саясатының тұр­ғын үймен қамтамасыз ету, т.б. сияқ­ты нақты заңнамалық нормаларда белгі­ленген түпкілікті нәтижесі жастар үшін ғы­лыми қызметтің тартымдылығы мен бе­делін күшейтеді деп үміттенеміз. Бұл заңнамалық бекітілген нормалар 21%-ы жастар саналатын, біздің университет үшін ерекше маңызды, мұндай мемлекеттік қолдау олардың ғылыми-педагогикалық өсуіне және мансаптық мүмкіндіктеріне ықпал ететін болады.

Бірнеше жыл бұрын Ғылым және жоға­ры білім министрлігін құру және Оқу-ағарту министрлігімен қызмет салаларын бөлу Үкімет пен Қазақстан Президентінің дұрыс шешімі болғанын мойындау қажет. Бұл отандық ғылымда инновацияларды дамытудың жемісті және тиімді болуын қамтамасыз етті, Қазақстан ғылымын әлемдік ғылымға енгізуді және шетелдік технологиялық стандарттармен жақындастыруды жеделдетті. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң, ел ғалымдары үміттеніп отырғандай, еліміздің ғылыми ілгерілеу жолындағы сенімді бағдар болмақ.

Жанбол ЖИЛБАЕВ,
Ә.Марғұлан университетінің
басқарма төрағасы-ректор
міндетін атқарушы