Аймақтар • 11 Шілде, 2024

Павлодарда сүйіктісін соққыға жыққан ер адамға сот үкімі шықты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда сүйіктісін соққыға жыққан ер адам сотталды. Соққы салдарынан жәбірленуші әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Павлодарда сүйіктісін соққыға жыққан ер адамға сот үкімі шықты

Павлодар қаласының № 2 сотында ер адам әйелге қатысты ҚК 120-бабының 1-бөлігі, ҚК 107-бабының 1-бөлігі бойынша зорлау және денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірді деген айыппен қылмыстық іс қаралды.

«Айыпталушы мен жәбірленуші алты ай бойы кездескен. Жалдамалы пәтердегі кезекті кездесуде олардың арасында жанжал туындаған. Сол уақытта айыпталушы әйел адамның басы мен денесіне соққылар жасап, құлағаннан кейін оны тұншықтыра бастаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгеннен кейін құқық қорғау органдарына жүгінді», - делінген соттың хабарламасында.

Соттың денсаулыққа зиян келтіру жөніндегі айыптау бөлігіндегі шешімі бойынша ҚІЖК-нің 340-бабы тәртібімен прокурорға аса ауыр жаңа айыптау актісін жасау үшін уақыт берілді. Сот жаңа акт жасалмау себебімен істі айыптау шегінде қарастыра келе, денсаулығына қасақана орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп тапты.

Сондай-ақ, қарама-қайшы айғақтар, сараптамалардың теріс нәтижелері бойынша зорлау айыбы өзінің растауын таппағандықтан, ақтау туралы шешім қабылданды.

Сот айыпталушының мас күйінде қылмыс жасау әрі жеке басының теріс сипаттамасын ескере отырып, ҚК-нің 1-бөлігінің 107-бабына сәйкес екі жылға бас бостандығынан айыру бойынша максималды жаза тағайындады.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ. Сол себепті, тараптар аталған қылмыс бойынша шағымдануы, наразылық білдіруі мүмкін.