Аймақтар • 11 Шілде, 2024

Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған құбылысты байқаған. Бұл көріністің суретін маңғыстаулықтар әлеуметтік желілерге жариялаған, деп жазады  Egemen.kz.

Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады

Фото: Lada.kz

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өңір тұрғындары айналасында шеңберлері бар жарқыраған құбылысты суретке түсіріп алған.

9 шілде күні кешке Ресейдің бірнеше аймақтары мен Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындары да әлеуметтік желілерде ерекше құбылыстың суреттерін жаппай тарата бастаған.

Ресейлік БАҚ бұл нысан Куру ғарыш айлағынан бұрын ұшырылған Ariane 6 зымыраны болуы мүмкін деп тұжырымдады.

1

 

Айта кетейік, жеңіл салмақты француздық Ariane зымыраны 9 шілде күні кешке алғаш рет сәтті ұшырылды.