Оқиға • 11 Шілде, 2024

БҚО прокуратурасы мемлекет қаржысына 800 мың теңгелік киім сатып алған

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құны 800 мың теңге тұратын былғары плащ сатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО прокуратурасы мемлекет қаржысына 800 мың теңгелік киім сатып алған

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекеттік сатып алулар сайтында БҚО прокуратурасынан ерекше тапсырыс пайда болған. Қадағалау органы жоғары офицерлер өкіліне былғары плащ тігуге бұйрық берген. Оның құны 800 мың теңгеге бағаланған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі 6 маусымда баға ұсыныстарын сұрау арқылы расымен де осындай сатып алу жарияланғанын хабарлады. Баспасөз қызметі түсіндіргендей, қымбат киім «қызметтік қажеттіліктерге байланысты» сатып алынған.

«2024 жылғы 13 маусымда «Камода» ЖШС-нің бір баға ұсынысын ұсынуына байланысты мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылды. Сол күні мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде «Камода» ЖШС жеткізушісіне электрондық шақыру жасады. 2024 жылғы 18 маусымдағы мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, «Камода» ЖШС шақырылған жеткізушімен «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу шешімі қабылданды», делінген прокуратура хабарламасында.