Қоғам • 11 Шілде, 2024

Қаржылық тұрғыда еңбек демалысына қай айда шыққан тиімді

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек демалысы жыл сайын қызметкерлердің барлығына беріледі. Демалысты қаржылық тұрғыда ұтымды үйлестіру үшін күнтізбеде мерекелік даталар жоқ айды таңдаған жөн, деп жазады Egemen.kz.

Қаржылық тұрғыда еңбек демалысына қай айда шыққан тиімді

Фото: islam.kz

Мерекелері көп наурыз, желтоқсан айында демалу күн есебінен ғана тиімді болады, яғни, демалыс және мереке күндерімен қатарластырып аз күн еңбек демалысын алсаңыз, жалпы демалыс уақыты ұзарады. 

Биыл сәуір, шілде және қыркүйек сияқты жұмыс күндері ең көп (22 жұмыс күні) айларда еңбек демалысына шығу - ұтымды шешім. Бұл еңбек демалысы мен жұмыс істеген күндердің жалақысын есептеуге байланысты. Жалақы айдағы жұмыс күндерінің санына бөлінеді және жұмыс істеген күндерге көбейтіледі.

Naryk.kz порталының дерегінше, демалыс ақысын есептеу тек жұмыс күндері емес, күнтізбелік күндер негізінде есептелетін орташа күндік жалақыны қамтиды.

Бұған дейін «Жұмыс беруші еңбек демалысынан шақырып алуға құқылы ма» деген сауалға жауап берген едік.