Спорт • 11 Шілде, 2024

Париж Паралимпиадасы: қоржынға 21-ші жолдама түсті

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты бипарт комиссиясының шешімімен Қазақстан спортшысы Париж Паралимпиадасы бойынша пара оқ атудан лицензия иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Париж Паралимпиадасы: қоржынға 21-ші жолдама түсті

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Жолдама иегері атанған отандасымыз Севда Алиева 10 метрлік P2 пневматикалық тапаншамен ату дисциплинасында өнер көрсетті.  

Айта кетейік, бұл пара оқ атудан Қазақстанның екінші лицензиясы. Бұдан бұрын аталған спорт түрінен алғашқы лицензияны Еркін Ғаббасов әлем кубогінде пневматикалық мылтықпен атудан R1 дисциплинасында жеңіп алған еді.

Паралимпиада ойындары бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда – спорттың 8 түрінен 21 лицензия бар: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2), пара оқ ату (2).

Еске салайық, XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындары тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында өтеді, 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.