Қоғам • 12 Шілде, 2024

Қымбат Досжан бельгиялық әйел асырап алған Жәнібекке қатысты тосын мәлімдеме жасады

1194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біраздан бері туған анасын іздеп жүрген бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің анасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қымбат Досжан бельгиялық әйел асырап алған Жәнібекке қатысты тосын мәлімдеме жасады

Тың ақпаратты журналист Қымбат Досжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

- 20 жыл бұрын қылмыс жасап, баланы шетелге сатқан "адамның" мектепте білім беруге құқы бар ма? Мыңдаған долларға сатып жіберген қарагөздер түсіне кірмей ме екен? Президент "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына қол қойды, - деп жазды ол өзінің парақшасында.