Фото: Сенат
Алтынбек Нухұлы құрылыс алаңынан кейін Баянауыл ауданының ақсақалдарымен және активімен кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын талқылады.
Депутат сапар барысында Мұса Шорман аулының тұрғындарымен де кездесті. Жүздесу кезінде Сенат қызметінің қорытындылары, сондай-ақ академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды жүзеге асыру барысы туралы айтып берді. Сенатор сонымен қатар «Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» республикалық іс-шарасы аясында Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп кітапханасына кітап сыйлады.
Депутат облыс әкімімен кездесу барысында павлодарлықтарды алаңдатып отырған өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады.