Саясат • 12 Шілде, 2024

Тәртіп сақшыларын қолдау қажет

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, өңірдегі әскери бөлім құрамымен, полицейлермен, Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен кездесті.

Тәртіп сақшыларын қолдау қажет

фото: Мәжіліс

Кездесу барысында депутат әскери бөлім­нің жеке құрамымен, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен, әскери қыз­мет­шілердің жағдайымен танысты. Одан соң мәжілісмен облыстық полиция де­пар­таментінің қызметкерлерімен жүз­дес­ті. Онда қала аумағындағы қоғам­дық тәр­тіп, тұр­ғындардың қауіпсіз­дігін қам­тама­сыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар­мен танысып, қызметкер­лердің ой-пікірін тыңдады. Бақтықожа Ізмұхам­бетов полицияның қоғамдағы рөлін ескере келе тәртіп сақшыларына да мемлекет тарапынан әлеуметтік және құқықтық қолдау қажет екенін атап өтті.

– Қауіпсіз мемлекетті құру – мемлекет­тік саясаттың негізгі ұстанымдарының бірі. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес құқық қорғау органдары қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғауды арттыру жөнінде кешенді шара қабылдауды жалғастырамыз. Полиция қызметі тиімді, есеп беруге мін­детті саналып, халықтың қажет­­тілігін өтеуге тиіс. Кәсібилік, иман­ды­лық пен адамгершілік полиция қызметкері­нің ізгі қасиеттеріне айналуы керек, – деді ол.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті­нің жеке құрамымен кездесті. Жиынға «Аmanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қуантай Бисалиев, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Утешов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев, мәслихат депутаттары, жауапты мамандар және департамент қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында халық қалаулысы №13 ма­мандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мате­риалдық-техникалық жабдықталуымен та­ныс­ты. Кейін жеке құраммен кездесіп, олар­ды толғандыратын мәселелерді тыңдап, Пар­ла­мент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыс­тар мен жаңадан қабылданған заңдар тура­лы ақ­парат берді. Сондай-ақ басқосуда жеке құ­рам­­ның біліктілігін арттыруға, жұмыс жа­ғ­дай­ларын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.