Кәсіпқой бокс • 12 Шілде, 2024

«Әлем жылдың үздік нокаутын көреді». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 шілде күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы рингке шығады, деп жазады Egemen.kz.

«Әлем жылдың үздік нокаутын көреді». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бұл шайқаста Жәнібек Әлімханұлы өзіне тиесілі WBO және IBF нұсқасы бойынша белбеулерін қорғайды. 

Кеше жекпе-жек алдындағы көз түйістіру, БАҚ өкілдерімен кездесу сынды рәсімдер өтті. Осыдан кейін отандасымыз әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. 

«Әлем жылдың үздік нокаутын көреді, бұйыртса», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Бокс кешін тікелей эфирде көрсететін арнаны мына жерден  білуге болады.