Ауа райы • 12 Шілде, 2024

Демалыс күндері магниттік дауыл болады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн астрономиясы зертханасы 13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні жерде магниттік дауыл болады деп болжады. Зертхана болжамынша, магниттік дауылдың дәрежесі G1, яғни, жеңіл деңгейде өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Демалыс күндері магниттік дауыл болады

Фото: pixabay.com

Күн астрономиясының дерегінше, магнитті дауыл түнгі сағат 12-де басталып, таңғы 6-да тоқтайды.

Аталған дауылдың шекті деңгейі түнгі 1-де байқалуы мүмкін.

Бұл уақытта табиғат құбылыстарын ерекше сезінетін адамдар физикалық тұрғыда мазасыздануы ықтимал.

13-14 шілде тәуліктің қалған бөлігінде магниттік тербелістер қалыпты деңгейде болады.