Фото: ОКҚ
Соңғы үш жыл бойынша алғаш рет 140 балл жинаған талапкер шықты. Естеріңізге салайық, ол Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының №22 орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек.
Сондай-ақ 139 балды 2 талапкер, Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинағаны мәлім. Аталған екі талапкер де ауыл мектептерінің түлектері.
«716 оқуға түсуші 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді», деді спикер Г.Көбенова.