Білім • 13 Шілде, 2024

Астана – жастар қаласы

201 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Зеңгір көкпен таласқан таулары бар өңірде өмірге келіп, әсем Алматыда білім алған Айым Асхатқызының арманы асқақ. Мектепті үздік бітіріп, мемлекеттік грант иегері атанған жастың қиялы қияға самғап, Сарыарқа төсіне қанат қақтырды.

Астана – жастар қаласы

Білім-ілімге құштар жас­тың таудай талпынысының нә­тижесінде Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің «қазақ-ағылшын тілі және лингвистикасы» мамандығын меңгеруге мүмкіндік алды. 2022 жылы сту­денттік шақтың есігін ашқан Айым Айтпанбет биылғы жазда жоғары оқу орнын тәмам­дап, ­дипломын қорғап шықты. Бақыт­тан жүзі бал-бұл жанған Айым ел астанасы туралы тол­ғанысын тілге тиек етті.

«ҰБТ-дан жоғары балл алып, грант иегері атанғаннан кейін Астанадағы оқу орнын таңда­дым. Себебі еліміздің бас қаласы­на келіп, студенттік шақты өткізу арманым еді. Астана – жастар­дың қаласы. Еліміздің мәдение­ті ­мен руханиятының орталы­ғы­на ­айналды. Мұндағы көк­пен таласқан зәулім ғимараттар өркениетті елдерден еш кем еместігімізді, Арқа төсінде өзін­ше өрнектелген теңдессіз әсем қаламыз барын айқындайды. Көшелері кең етіп жасалған, жасыл желек өсіп, жылдан-жылға көркейіп келе жатқан қаламыз­да үнемі самал соғып тұрады. Астаналық жастар үздіксіз оқу және ізденісте жүретіндігі­мен ерекшеленеді», дейді Айым Асхатқызы.

Келешегі зор қалаға бауыр басқан Айым өзі қалаған «қа­зақ-ағылшын тілі және лингвис­тикасы» мамандығын жетік мең­геру арқылы мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне, оның қолданыс аясының кеңеюіне сүбелі үлес қосарына сенімді. Студент шағында терең білім алумен қатар, бәсекелі сайыстар­ға, интеллектуалды жарыстар­ға қатысуда белсенділігімен танылды.

Талапты жас өз саласы бо­йын­ша «Лингво алаң», «Лин­гвис­ти­ка» сынды республика­лық олим­пиадалардың 1-ші және 2-орын жүлдегері атанды. 2021–2022 жылдары уни­верситеттің «Орда» пікір­сайыс орталығының президенті болса, одан кейін еріктілер тобында да қызмет еткен Айым Асхатқызы Астана төрінде өт­кен Nobel fest кезінде Нобель ­сый­­лығының иегерлерімен­ ­­­таң­ғы ас ішу құрметіне ие бол­­ға­­нын мақтан етеді.

Сондай-ақ 1-мектеп ли­га­сындағы және 3-респуб­ли­ка­­лық деңгейдегі гранд де­бат турнирлерінің бас ұйым­дас­тырушысы және бас төре­ше­сі бола жүріп, тәжірбиесін шыңдаған Айым былтыр ака­демиялық ұтқырлық бойын­ша Чехиядағы Острава уни­­вер­ситетінде 1-семестрді оқып, ­9 мемлекетте, 17 қаласында ­бол­­­ғанын айрықша атады.

«Work and travel жобасымен Массачусетс шататында, Кейп код ауданында 3 ай болдым. Бұл сапардан алған әсерім айрық­ша және зор жауапкершілік жүктеді. Себебі тәуелсіз елі­міз­дің келешегіне қызмет ететін ­жастар мемлекетіміздің тарапынан жасалып отырған қолдауларға иеміз. Оған қоса ата-ана, бауырларымыздың сені­мін ақтау қажеттігін де сезінеміз», деген Айым Асхатқызы уни­верситеттің 30 жылдығына орай төсбелгімен марапатталып, универдің топ-40, яғни «Алтын кітаптың» бір мүшесі болғанын атау артық етпес.

Алматы облысы