Денсаулық • 13 Шілде, 2024

Дәрі-дәрмекті таңбалау – сапаны бақылауға сеп

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрілік заттарды таңбалау – DataMatrix штрих-коды тү­рінде қолданылатын, өнімнің қаптамасынан көруге болатын препараттардың жеке белгісі. Таңбалау арқылы өнімнің түп­нұсқалығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар оның өнді­рушіден тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға болады.

Дәрі-дәрмекті таңбалау – сапаны бақылауға сеп

Фото: gov.kz

Биыл 1 шілдеден бастап елі­мі­зде міндетті дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау (цифр­­лық) басталды. Осылайша, өнді­рілген дәрілік заттарды таңба­лау­дың бірінші кезеңі жүзеге асы­рылмақ.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін артты­ру, препараттардың сапасын бақы­лау, өндіріс кезеңінен бастап тұты­нушыға дейінгі циклінің мони­торингісі, заңсыз айналымға, оның ішінде жалған өнімге қарсы іс-қимыл мақсатында енгізіледі. Бұл жүйе дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға, сондай-ақ пациентке бағдарланған толыққанды және сенімді дәрілік қамтамасыз етуді қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жоғарыда аталғандай, таңба­лау жүйесіне дәрілік заттардың айналымына қатысушылардың барлығы кіреді. Қажетті ақпа­раттық жүйелер кеденге кіруден бастап соңғы алушыға жеткізуге дейін біріктірілген. Аталған жоба­ның нәтижесі ретінде дәрі­лік заттардың, оның ішінде тегін меди­циналық көмектің кепіл­дендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақ­­тан­дыру шеңберінде заңсыз айна­лы­мының жолын кесу болмақ. Бұл өз кезегінде азаматтарымыз­дың қауіпсіздігіне оң әсер ететіні сөзсіз.

Гүлнара ҒАББАСОВА,
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Астана қаласы департаменті басшысының міндетін атқарушы