Білім • 13 Шілде, 2024

ҰБТ-2024: Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижелері жойылды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның қорытынды мәліметімен таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

ҰБТ-2024: Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижелері жойылды

Республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер (екі мүмкіндікте есепке алғанда 326 мың рет) ҰБТ тапсырды.

Оның ішінде:

  • Талапкерлердің 75,1% - ы қазақ тілінде, 24,8% - ы орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті;
  • шекті балды 76,4%-ға жуық (139 мың) талапкер жинады;
  • орташа балл – 68 балл;
  • 641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты;
  • ең жоғары балл – 140.

Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, биыл 65 мыңнан астам апелляциялық өтініш келіп түсті. Апелляцияны қарастыратын комиссия жұмысын 13-14 шілде аяқтайды, содан кейін талапкерлердің сертификаттары Жеке кабинетте қолжетімді болады.

Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 300 мыңға жуық өтініш өңделді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.