Медициналық қызметке тым кеш жүгінген науқастың өмірін ақ халаттылар қанша тырысқанымен құтқара алмады.
Кене шағуынан қауіпті вирус жұқтырып, қаза тапқан адам Түркістан облысының тұрғыны. Марқұм Сайрам ауданында мал бағып, күнелткен. 18 маусым күні аса ауыр жағайда жансақтау бөліміне түсіп, 21 маусымда көз жұмған.
- Түркістан облысының тұрғыны өте ауыр жағдайда түсіп, қаза болды. Өте кеш болды, ауруының төртінші күнінде түсті. Бізге келгенде ол кісінің барлық жағынан қанау белгілері байқалды. Екінші жағдай Шымкент қаласының тұрғыны, ол 12 жасар бала. Жатқанына сегіз күн болды, протокол бойынша 14 күн бақылап, үйіне шығарылады. Қазіргі жағдайы ораша ауыр, - дейді Инфекциялық аурухананың бас дәрігері Бақтығали Ережепов.