Лас-Вегас қаласында орналасқан Spring Valley медициналық орталығында болғаны туралы боксшы Instagtam-дағы парақшасында жазды.
- Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын! Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!, - делінген жазбада.
5 шілдеде Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, желіде видео жариялаған болатын. Содан кейін ол баршаға жылдың ең үздік нокаутын көрсететінін мәлімдеді. Бірақ Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды.