Спорт • 14 Шілде, 2024

Рыбакина 2024 жылғы чемпиондық жарыс бойынша әлемнің екінші ракеткасы болды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан атынан шығып жүрген теннисші Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысы бойынша екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Рыбакина 2024 жылғы чемпиондық жарыс бойынша әлемнің екінші ракеткасы болды

Рыбакина жыл басынан бері 4901 ұпай жинады. Отандасымыз Уимблдонның финалисі италиялық Ясмин Паолиниді басып озды, оның еншісінде 4505 ұпай бар. Ал польшалық Ига Швентек 7465 ұпаймен көш бастап тұр.

Айта кетейік, WTA чемпиондық жарысы – бұл маусымның ең үздік сегіз теннисшісі қатысатын жылдың қорытынды турнирі. Биылдан бастап 2026 жылға дейін турнир Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы жарыс 2-9 қараша аралығында өтеді. Жүлде қоры рекордтық 15,25 миллион долларды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина Уимблдон-2024 жартылай финалына жетіп, турнирдің болашақ чемпионы чехиялық Барбора Крейчиковадан жеңіліп қалды.

Ал WTA рейтингі бойынша Елена Рыбакина 4-орында тұр. Еншісінде 6376 ұпай бар. Үшінші орында – 7061 ұпаймен Арина Соболенко. Екінші орында 8173 ұпаймен Коко Гофф тұр. Ал көш басында – 11285 ұпаймен Ига Швентек.