Қылмыс • 14 Шілде, 2024

Шөп шабуға көмектеспеген: Атырауда түлектің өліміне күдікті көршісі қамауға алынды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда түлекті өлтірді деп айыпталған күдікті ұсталды. Бұған дейін полиция оны тұтқындамаған. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.

Шөп шабуға көмектеспеген: Атырауда түлектің өліміне күдікті көршісі қамауға алынды

Фото: Orda.kz

Деректерге сүйенсек оқиға 4 шілде күні Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында орын алған. 19 жастағы көршісі 17 жастағы түлекті шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтіргені туралы ақпарат тарады. Бұл факт бойынша полиция алғашында "Абайсызда өлтіріп алу" бойынша сотқа дейінгі тергеген.

Бірақ 11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша күдіктінің әрекеттері "абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қайта қаралып, ол қамауға алынды.

- 13 шілдеде сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істі тергеу барысы ерекше бақылауда, - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

Ал марқұмның туыстары жігіттің абайсызда өлтірілмегеніне сенімді болған.