Фото: diapazon.kz
Оқиға 14 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған.
«Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
«Мұнайшы» стадионындағы бассейнге 2019 жылы қайта жаңғырту жүргізілген. Бассейндегі олимпиадалық стандартқа сәйкес 8 жолаққа бөлінген жүзу жолының ұзындығы – 50, ені – 21, ал тереңдігі 2 метрден асады. Бассейн 2020 жылы сенімді басқаруға берілген. Мұнда 600-ден астам бала су спортымен айналысуға келеді.