Білім • 15 Шілде, 2024

Қазақстанда жаңа университет ашылады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа университет ашылады

Фото: dizainmix.ru

Тараз қаласында жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. 

«Аталған міндетті іске асыру шеңберінде Үкімет «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта құру және оның негізінде екі ЖОО — «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын («ТарУ» КеАҚ) және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын («ҚазҰСШИУ» КеАҚ) құру туралы шешім қабылдады. Оқу орындары олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды», делінген Үкімет хабарламасында.

ЖОО 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап талапкерлерді қабылдайды деп жоспарланып отыр.

ҚазҰСШИУ-да «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» атты жаңа білім беру бағдарламалары енгізіледі.

Аталған университетке 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді.

Білім беру цикліндегі жалпы контингент саны 4 000 білім алушыны құрайды.