Қоғам • Бүгін, 00:47

Қазақстан халқы Париждегі Олимпиада ойындарын қайдан көре алады?

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жақындап келеді. Қазақстан халқы төртжылдықтың басты додасын тікелей эфирде тамашалай алады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан халқы Париждегі Олимпиада ойындарын қайдан көре алады?

Vesti.kz сайты хабарлағандай, елімізде жазғы ойындардан 5 арна хабар таратады. Олар – Qazsport, "Хабар", Qazaqstan, "Ел Арна" және "Жібек Жолы". Бұл арқылы отандастарымыз жарыстардың көпшілігін тамашалай алатын болады.

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстаннан 80 спортшы қатысады.

Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады.