Тағайындау • 16 Шілде, 2024

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 шілдеде өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қала әкімі қызметіне үміткерді таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған кандидатураны қалалық мәслихат депутаттары қолдаған. Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Әбілқайыр Жанаұлы Байпақов Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Ол Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін, Халықаралық еңбек академиясын «Тарих және құқық», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің тарих және философия кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ұлықбек Тналиев қызметінен өз еркімен кеткен еді.