Білім • 17 Шілде, 2024

Шығармашылық сала мамандарын даярлауға 1600-ге жуық грант бөлінді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде шығармашылық мамандықтарға мемлекеттік білім гранттарын орналастыру және бөлу мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығармашылық сала мамандарын даярлауға 1600-ге жуық грант бөлінді

Фото:kp.ru

Кездесуге Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ЖОО басшылары және т. б. қатысқан.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің 10 оқу орнында шығармашылық мамандарды даярлайды. Олар: 4 жоғары оқу орны, 4 колледж және 2 арнайы мектеп.

Нәтижесінде 2024-2025 оқу жылына бакалавриатқа 895, магистратураға 166 және докторантураға 26 білім грантын бөлу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері арасында 550 бюджеттік орын бөлінді. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 50 грантқа артық екені белгілі болды.

«Сарапшылар шешім қабылдау барысында ең алдымен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескерді. Нәтижесінде музыкалық театр режиссерлеріне, музыкатанушыларға, реставратор-суретшілерге және сценаристерге деген сұраныс жоғары екені анықталды. Осыған байланысты жаңа білім беру бағдарламаларын ашып, гранттар санын көбейту арқылы осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға назар аудару ұсынылды», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.