Фото: ОКҚ
Бұл туралы министр Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Ведомство басшысының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктің гранты есебінен жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленіп жатыр.
Жоба үш негізгі бағыттан тұрады:
1) Солтүстік Арал мен Сырдария өзенінің саласындағы инфрақұрылымды дамыту және гидрологиялық жағдайын жақсарту;
2) Қызылорда облысындағы тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайды қолдау;
3) Су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы мен жүйелерін жаңарту.
Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынған және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жеткен.
«Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған», деді министр.