Фото: polisia.kz
16 шілдеде жергілікті тұрғын Қосшы қаласының полиция бөліміне жүгініп, оның 10 жасар қызы үйден кетіп қалғанын және оның қайда екенін анықтай алмағанын хабарлады.
«Ақпарат түскен бойда полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмағанды іздеуге бағытталды. Полицейлер жасөспірімнің болуы мүмкін орындар мен мекенжайларды тексерді. Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың фотосуреттері бар хабарламаларды әлеуметтік желіге жариялады. Содан бірнеше сағат ішінде қыздың орналасқан жері анықталды, жасөспірімді такси жүргізушісі танып қалған. Белгілі болғандай, серуендеуге шыққан қыз адасып қалған. Жасөспірім такси жүргізушісіне қоңырау шалуға өтініш жасады. Сол сәтте WhatsApp-тан келген хабарламаны көрген жүргізуші іс-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған қызды таныған. Ер адам бұл туралы полицейлерге дереу хабарлады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, жасөспірімге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмаған.