Білім • 18 Шілде, 2024

Үш-ақ пәннен емтихан тапсырады: ҰБТ-да қандастарға қандай жеңілдік бар?

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдегі, Қазақстан азаматы емес, бірақ ұлты қазақ талапкерлер үшін Қазақстан жоғарғы оқу орындарына түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш-ақ пәннен емтихан тапсырады: ҰБТ-да қандастарға қандай жеңілдік бар?

Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы емес ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік балл болмайды.

Екіншіден, бес емтиханның орнына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пәннен).

Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.

Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермен азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.

- 13 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын алуға құжаттар қабылдау басталды. Оған талапкерлерден 13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданып жатыр. Су тасқыны болған аймақтың (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО) талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында қабылданады. Кез келген талапкер Қазақстанның барлық жоғары оқу орнына құжаттарын тапсыра алады және ол онлайн түрінде де жүзеге асырылуда. Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрған комиссиясының шешімімен белгілі болады – делінген хабарламада.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының азаматы емес, ұлты қазақ үміткерлер құжаттарыңызды грант иегері болуға тапсыруға асығыңыздар. Нәтижелер республикалық мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады.