Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше 26 шілдеге дейін төрт жылдықтың басты спорт додасына академиялық ескек есу, садақ ату, бокс, нысана көздеу, теннис, үстел теннисі, спорттық гимнастика, семсерлесу, жүзу, бадминтон, дзюдо, тасжолдағы велоспорт, стенд ату бойынша додаға енетін спортшыларымыз (50 спортшы) ғана барып үлгереді.
Жеңіл атлетикадан отандастарымыз Францияға 29 шілде күні аттанады. Алайда Ольга Сафронова салтанатты шеруде ту ұстайтындықтан, өзгелерден бірнеше күн ерте барады.
Ал еркін күрес шеберлері 5 тамызда ғана Алматыдан аттанса, брейкингтен сынға түсетін Амир Закиров 8 тамыз күні Парижге жетеді.
Кері бағытта елімізге бірінші болып, академиялық ескек есу және дзюдо күресіндегі спортшыларымыз 4 тамызда оралады.